Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Суда жүзетін және су маңы құстарының қысқы санағы

 

Суда жүзетін және су маңы құстарының қысқы санағы 1967 жылдан бастап 100-ден астам елде бір уақытта жүргізіледі. Қазақстанда санақты Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) ұйымдастырады.

Синхронды есептің негізгі мақсаты - суда жүзетін және су маңы құстарының саны мен олардың өзгерістері туралы нақты мәліметтер алу, олардың ішінде шаруашылық маңызы бар және сирек кездесетін көптеген түрлер бар. Осы материалдардың негізінде құстар түрлерінің жағдайы бағаланып, алдағы уақытқа болжам жасалады және оларды сақтау жөнінде шаралар қабылданады.

Қазақстанда суда жүзетін құстардың қыстақтары туралы кез келген деректер оларды зерттеу және сақтау үшін пайдалы болады, сондықтан бізге еліміздің әр түрлі су қоймаларынан ақпарат жіберсеңіз болады. Осындай ауқымды орнитологиялық іс-шараға кез келген адам қатыса алады. Санақты қыста қатпайтын және суда жүзетін құстар тұрақты түрде паналайтын су қоймаларында жүргізуге болады.

Шараға қатысу алдында ұйымдастырушымен хабарласу қажет. ҚБСА орнитологтары сіздерге көмек көрсетеді. Деректерді жазуға арналған нысандарды мына жерден жүктеп алуға болады: учаскенің тізімдемесі, құстарды есепке тізімдемесі. (орыс тілінде)

Келесі байланыс телефондары бойынша хабарласыңыз:

  • Астанада 8 (7172) 91 00 44
  • Алматыда 8 (727) 248 14 09