Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

«Ақбөкен достары» клубтары Aқбөкен күнін атап өтті.

30 June 2020

«Ақбөкен достары» клубтары жыл сайынғы Aқбөкен күнін атап өтті. ҚБСА қызметкерлері балаларға арнайы тапсырмалар, бояу кітапшаларын және басқа оқу материалдарын дайындады. Олар сонымен бірге «Масканың астында кім жасырылған?» конкурсына қатысты. Конкурс аясында клуб мүшелері өз қолдарымен дала, шөл және шөлейт экожүйелердің жануарларының бет мүсіндерін жасады. Ең жақсы жұмыстардың авторлары ҚБСА және Saiga Conservationa Alliance сыйлықтарын алады.

Ақбөкен күнін атап өту рәсімінде ауылдардың 5 клубы қатысты: Аққайым (Ақтөбе облысы), Борсы (БҚО), Байтұрсынов және Қоскөл (Қостанай облысы). ҚБСА жыл сайын мамыр айында Saiga Conservation Alliance-пен бірге Ақбөкен күнін өткізеді. Клуб мүшелері ойындарға, қойылымдарға, конкурстарға жəне басқа да білім беру және ойын-сауық бағдарламаларына қатысады.

 

Поделиться с друзьями