Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Ақбөкендерге қатері жоқ «Орталық-Батыс» тас жолының бағыттары!

16 September 2020

2014 жылғы 13 қаңтарда Елбасының жарлығымен «Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мен интеграциялаудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. «Орталық-Батыс» дәлізінің құрылысын қаржыландыру үшін Қазақстан үкіметі Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне жүгінді. 2014 жылы Дүниежүзілік банктің өтініші бойынша маршруттың әртүрлі нұсқаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру үшін алдын-ала техникалық-экономикалық негіздеме дайындалды.

Қолдануға ашық мәліметтердің ішінде Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасына 977,86 млн. АҚШ доллары мөлшерінде ұсынылатын несиеге арналған «Орталық-Батыс» жолының жобасын бағалау туралы «2016 жылғы 6 сәуірдегі № PAD1456 есептеме» құжаты бар. Есепке 5 қосымша - «Экономикалық талдау және алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемеге шолу» ұсынылған. Осы қосымшадағы деректерді атап өтейік.

Осы қосымша Қазақстан Республикасының Үкіметі «Орталық-Батыс» дәлізінің алты бағытының алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемесін (картада көрсетілген) аяқтағанын көрсетеді, олардың үшеуін Автомобиль Жолдары Комитеті және үшеуін «КазАвтоЖол» ҰК АҚ ұсынды. Осы құжатқа сәйкес бастапқыда келесі бағыттар қарастырылды:

• 1-ші Бағыт (Автомобиль Жолдары Комитетімен ұсынылған), картада жасылмен белгілінген: Астана, Жақсы, Қостанай, Қарабұтак, Ақтөбе, Доссор, Бейнеу, Ақтау.

• 2-ші Бағыт (Автомобиль Жолдары Комитеті), күлгін: Астана, Жантеке, Егіндікөл, Арқалық, Торғай, Ақшығанақ, Ырғыз, Шалқар, Бейнеу, Ақтау.

• 3-ші Бағыт (Автомобиль Жолдары Комитеті), сары: Астана, Атбасар, Арқалық, Торғай, Ақшығанақ, Ырғыз, Шалқар, Бейнеу, Ақтау.

• 4-ші Бағыт (КазАвтоЖолмен ұсынылған), көгілдір: Астана, Жантеке, Егіндікөл, Арқалық, Торғай, Ақшығанақ, Ырғыз, Ақтөбе, Доссор, Бейнеу, Ақтау.

• 5-ші Бағыт (КазАвтоЖол), қызыл: Астана, Жантеке, Егіндікөл, Арқалық, Торғай, Ақшығанақ, Ырғыз, Шалқар, Қандыағаш, Доссор, Бейнеу, Ақтау.

• 6-ші Бағыт (КазАвтоЖол), көк: Астана, Атбасар, Арқалық, Жезқазған, Қызылорда, Шалқар, Бейнеу, Ақтау.

Дүниежүзілік банктің бағаламасы бойынша ең тиімді экономикалық бағыттар 1, 4 және 5 болып табылады. Қорытынды техникалық-экономикалық негіздеме 5-ші Нұр-Сұлтаннан Ырғызға дейінгі бағытқа (орталық бағыт) арналып жасалды. Оған қоса, 1-бағыт (солтүстік бағыт) бірнеше себептерге байланысты экологиялық таза және экономикалық тиімді болып табылады.

  1. Солтүстік бағыттың нұсқасы Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының автомобиль жолдарын қайта құруды қамтиды. Орталық бағыт (№5) жаңа жолдар салуды және ескі жолдарды қайта құруды қажет етеді, өйткені ол жол инфрақұрылымы жоқ немесе өте нашар жағдайдағы учаскелерден өтеді. Атап айтқанда, ақбөкендердің маңызды мекендейтін жерлері Жантеке-Арқалық жəне Торғай-Ырғыз учаскелерінде салу жоспарлануда.

Солтүстік бағытты (№1) таңдау жағдайда қайта құруға мүмкін жолдар:

  • М-36 (Екатеринбо-Алматы), 963-1286 шақырым
  • Р-13 (Жақсы-Есіл-Бұзулық) 0-82 шақырым
  • А-16 (Жезқазған-Петропавл) 496-512 шақырым
  • Р-36 (Қостанай-Әулиекөл-Сұрған) 3-260 шақырым
  • А-22 (Қостанай-Қарабұтак) 0-547 шақырым
  • М-32 (Самара-Шымкент) 753-965 шақырым
  • А-27 (Ақтөбе-Доссор) 11-512 шақырым
  • А-33 (Атырау-Бейнеу) 95-422 шақырым

Орталық бағыт (№5) бойындағы жол жамылғысының сипаттамасы:

Жол учаскесі

Класс

Жол ұзындығы (км)

Жол ені (м)

Жамылғысының түрі

Астана –Жантеке

III

79.8

7.0

Асфальт

Жантеке - Егіндікөл

IV

70.2

6.0

Шақпатас / Топырақтың үстіңгі қабаты

Егіндікөл - Арқалық

IV

239.7

6.0

Шақпатас / Топырақтың үстіңгі қабаты

Арқалық - Амангелді

III

122.6

7.0

Асфальт

Амангелді - Торғай

III

146.7

7.0

Асфальт / Топырақтың үстіңгі қабаты

Торғай - Нұра

IV

163.3 (80)

6.0

Топырақтың үстіңгі қабаты / шақпатас (80 шақырым – дала жолы)

Нұра-Ырғыз

IV

66.5

6.0

Шақпатас / Топырақтың үстіңгі қабаты

Ырғыз– Шалқар

IV

127.2

6.0

Шақпатас / Топырақтың үстіңгі қабаты

Барлығы

-

1016

-

-

 

  1. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, «Орталық-Батыс» дәлізін салу құны 1-бағытты таңдаған кезде айтарлықтай төмендейді, өйткені ол қолданыстағы автомобиль жолдарын қайта құруды қарастырады.
  2. Орталық бағыт (№5) пайдасына дәлелдердің бірі – Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге дейінгі қашықтық шамамен 200 км қысқарады. Сонымен бірге, Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша №1 маршруттың ұзақтығы Қостанайдан оңтүстікке қарай – Әулиекөлден Адаевкаға дейінгі жергілікті жолдарды жаңарту арқылы 150 км қысқаруы мүмкін, содан кейін 1 және 5 нұсқалардың ұзындығы теңестіріледі.

Сонымен, Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша 1-нұсқа экономикалық жағынан ең тиімді және аз ғана (егер ол Қостанайдың оңтүстігіне қарай түзетілсе) қазіргі 5-нұсқаға қарағанда ұзағырақ. Біздің ойымызша, осы жол бағытының нұсқасы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, өйткені ол ақбөкендердің мекендейтін жерлерін солтүстіктен айналып өтеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға ешқандай қауіп төндірмейді.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ACБK) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінен бетпақ-дала ақбөкендерінің популяциясын сақтау мақсатында «Орталық-Батыс» көлік дәлізінің бағытын өзгертуге шақырады.

 

Поделиться с друзьями
  • Жалпы сипаттама

     

    АСБК 2006 жылдан бастап Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау саласына қызмет етіп келеді. Барлық жұмыстар ғылыми негізде жүзеге асырылады, өйткені биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары іргелі зерттеулерсіз шешілмейді. Сондықтан АСБК биоалуантүрлілікті экожүйе деңгейінде сақтайды....


    Читать далее

  • Алтын Дала табиғатты қорғау бастамасы

    "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасы – ұлттық және халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарының кең ауқымдағы серіктестік бағдарламасы болып табылады.

    Оның мақсаты - жануарлардың негізгі түрлерін, дала және жартылай шөл дала биотоптарын сақтау ж...


    Читать далее

  • "Алты-Сай" экосаябағы

     

    «АЛТЫ-САЙ» - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БIРIНШI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚ

    «Алты-Сай» экосаябағы - Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан жабайы табиғаттың бірегей бұрышы, Торғай даласының тарихи және табиғи байлықтар қазынасы. Оның аумағында оңтүстік далаларға т...


    Читать далее

  • О программе Ключевые орнитологические территории - IBA

    Ключевые орнитологические территории международного значения – IBA – благодаря строгому и стандартизованному подходу к их выделению, могут быть сравнимы между собой на национальном, региональном и глобальном уровнях. Они образуют сети, которые, при обеспечении их защиты, играют о...


    Читать далее

  • Наследие ЮНЕСКО

    Тест блок 5

    ...


    Читать далее

  • Жалпы сипаттама

     

    ҚБСА экологиялық ағарту миссиясы

    Адамзат бұрыннан табиғи процестерге әсер етіп келеді және антропогендік жүктемелер қоршаған ортаны сарқуды жалғастыруда. Биоалуантүрлілікті сақтау проблемалары туралы халықты хабарландырып тұру табиғат қорғау қызметіндегі басты сәттерд...


    Читать далее

  • Қолданбалы биология Орталығы

     

    Қолданбалы биология Орталығы - ҚБСА-ның құрылымдық бөлімшесі. 2011 жылы құрылған Орталық Алматы қаласында орналасқан, бір уақытта Ассоциацияның алматылық кеңсесі ретінде қызмет етеді. 

    Орталықтың басты рөлі - ҚБСА мақсаттарына сәйкес ...


    Читать далее

  • Вестник "Зеленый мир"

    "Зеленый мир" - это информационный электронный журнал АСБК, выпускается 4 раза в год. 

    Ежегодно мы осуществляем десятки различных проектов, и здесь вы можете ознакомиться с нашими достижениями и результатами работ по изучению и сохранению биоразнообразия Казахстана.<...


    Читать далее