3 September 2020
Қазақстан «Көктем келе жатыр!» халықаралық науқаны бойынша құстар туралы айтулар саны бойынша алтыншы орынға ие болды.
Науқанға биыл 59 мемлекет қатысты. Еуропа мен Орталық Азиядан қатысушылар жобаның веб-сайтында алғаш рет көктемде ақ дегелекті, кәдімгі көкекті, қара сұрқарлығашты, қыстау қарлығашты, сарыалқым аражегішті, жар қарлығашты және шүрілдек торғайды көрген күнді және орынды атап өтті. Бұл мәліметтер www.springalive.net веб-сайтында құстардың нақты уақыт режиміндегі ұшу картасын қалыптастырады.
Қатысушылардың белсенділігі бойынша бірінші орынды Ресей (5169 хабарлама), екінші орынды Беларусь (1734 хабарлама), үшінші орынды Ирландия (1157 хабарлама) алды. Қазақстаннан 505 хабарлама жіберілді.
Қазақстан бұл жобаға 2014 жылдан бастап қатысып келеді және алты жыл ішінде кездескен құстар саны бойынша озық он елдің қатарына кіреді.
Қазақстанда ең көбі қыстау қарлығашы (91%) кездестірілді, екінші орында - көкек (7%), ал үшінші орында - сұрқарлығаш (0,4%).
Жыл сайын «Көктем келе жатыр!» жобасы бір тақырыпты анықтайдыі. 2020 жылға арналған тақырып - «Қалай жақсы құс бақылаушы болуға болады.» Жыл тақырыбындағы халықаралық сурет байқауында Солтүстік Қазақстан облысының оқушысы, 8-сынып оқушысы Даниил Герасимов, 10-16 жастағы қатысушылардың аралығында үшінші орын алды, Қазақстаннан жалғыз жеңімпаз атанды.
Қазақстанда Солтүстік Қазақстан Құс бақыаушылар Клубының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысының мектеп оқушылары арасында «Алғашқы қарлығаштар» атты плакат байқауы өтті.
AСБК науқан үйлестірушілеріне алғыс білдіреді:
AСБК клубтары: Елена Ударцева, Гүлжазира Тұрлыбекова, Еламан Күмісбеков, Ерлік Ноғайбек, Ұлпан Туманова.
“Ақбөкен Достары” клубы: Уталина Батима, Молдахмет Кульмаш, Әсем Искакова, Лариса Куанышева.
Акцияның барлық қатысушылары АСБК сертификаттары мен «Құс бақылаушы ережелері» парақшаларымен марапатталды, ал «Бірінші қарлығаштар» байқауының жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілген.
«Көктем келе жатыр!» - бұл балалардың табиғатқа деген қызығушылығын оятуға және оларды қоныс аударатын құстар популяциясын қорғауға тартуға арналған, халықаралық BirdLife International ұйымы ұйымдастырған халықаралық жоба. 2020 жылы әлемдегі ең ірі цемент өндіретін компаниялардың бірі - Heidelberg Cement қолдауымен ұйымдастырылды. Heidelberg Cement шикізатты өндіру аяқталғаннан кейін карьерлерді қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға әсерін азайтуға үлкен мән береді. Қазақстанда науқанның үйлестірушісі - АСБК, BirdLife International компаниясының толық серіктесі.
Құстармен кездесу туралы есептер саны бойынша Қазақстан аймақтарының рейтинг кестесі.
№ |
Аймақ |
Барлығы |
Ақ дегелек |
Қыстау қарлығаш |
Сұр қарлығаш |
Көкек |
Сарыалқым аражегіш |
Жар қарлығаш |
1 |
Қостанай облысы |
234 |
0 |
223 |
0 |
11 |
0 |
0 |
2 |
Батыс Қазақстан облысы |
100 |
0 |
100 |
0 |
0 |
0 |
0 |
3 |
Солтүстік Қазақстан Облысы |
73 |
1 |
59 |
1 |
12 |
0 |
0 |
4 |
Шығыс Қазақстан Облысы |
34 |
0 |
34 |
0 |
0 |
0 |
0 |
5 |
Алматы Облысы |
33 |
0 |
19 |
0 |
14 |
0 |
0 |
6 |
Ақтөбе Облысы |
19 |
0 |
19 |
0 |
0 |
0 |
0 |
7 |
Ақмола Облысы |
7 |
0 |
6 |
1 |
0 |
0 |
0 |
8 |
Оңтүстік Қазақстан Облысы |
2 |
0 |
2 |
0 |
0 |
0 |
0 |
9 |
Манғыстау Облысы |
1 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
0 |