Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Жетісу Алатауында су күзенінің мекендейтін жерлері зерттелді және фототұзақтар орнатылды

25 August 2022

Маусым айында Жетісу Алатауы Жоғарғы Көксу қаумалы аумағында тағы бір экспедиция аяқталды. АСБК мамандары Көксу, Қазан, Қараарық өзендері маңын қоныстайтын су күзенінің таралу тығыздығы және қоныстау ерекшелігін анықтады. Сонымен бірге аумақта ірі және ұсақ аңдар мен құстарды тіркейтін фототұзақтар орнатты.

Су күзені бүкіл Еуразия аумағымен қоса Жетісу экологиялық дәлізі үшін де инвазиялық түр болып есептеледі. Бұл жыртқыштың табиғи ареалы Солтүстік Американың басым бөлігін алады. Ол Қазақстан аумағында 1930 жылдары бүкіл КСРО бойынша бұл аңды жерсіндіру барысында пайда болды. Сонда түр өсірілетін дерлік аймақтарға жақсы бейімделіп, өз экологиялық орнын иеленді.

Жетісу Алатауында бұл инвазиялық түрдің барының өзі қорқыныш туғызады. Түнгі жыртқышты аулауға қызығушылықтың және оның табиғи жаулары жоқтығы салдарынан, ол жарамды тіршілік ортасын толықтай қамтып алды. Бұл бұрын су күзенінің басты азықты бәсекелесі құндыздың тіршілік ортасы болатын. Алайда, құндызбен салыстырғанда айтарлықтай тығыз қоныстағы сү күзені өңірдегі азық қорына едәуір күш түсіреді.

Бұл жыртқыштың азық құрамына тек жергілікті балық тақыр және қабыршақты осман түрлері ғана емес, айта кетейік, оның жергілікті тұрғындармен өңірдегі ағын суларда азайғаны байқалды, сонымен бірге, қосмекенділер тобы өкілдері де кіреді. Осылайша, тұрғындар мен қаумал қызметкерлері жергілікті түр  жетісу аяқтыбалығы да, әсіресе қыс мезгілінде азық қатарына кіруі әбден мүмкін деп күдіктенеді. Дала жұмыстары аталған мәселелерді тексеру және Жетісу Алатауында су күзенінің таралуы мен әрекеті ерекшеліктері жайлы деректерді жинау мақсатымен «Жетісу экологиялық дәлізінде биоалуантүрлілікті сақтау» жобасы аясында жүргізіледі.

Күзенді есептеу екі сатыдан тұрады. Жазда салыстырмалы есеп жүргізіледі: күзеннің мекен ететін өзендер мен суқоймалар маңайы белгіленіп, келесі сатыға мониторингтік шекаралар бекітіледі. Екінші саты абсолюттік есеп күзде-қыста бірінші қар түскенде жүргізіледі, жаңа іздермен жануарлардың нақты саны шығарылады. Жиналған деректер негізінде, экстраполяция әдісі қолданылып, нақты популяцияда күзеннің жалпы саны анықталады.

Бүгінгі таңда су күзенінің таралуы жөнінде жиналған деректер өңделуде.

Поделиться с друзьями