28 October 2022
Жыл құсына арналған балалар арасындағы дәстүрлі шығармашылық жұмыстар сайысы Алматы қаласындағы №5 Оқушылар үйінда өтті.
АСБК мен Қазақстан құстарды қорғау одағы өткізетін жылдық науқан аясында бұлбұл жыл құсы ретінде таңдалды. Осындай ағартушылық іс-шаралар, байқаулар арқылы науқан құстарға және олардың мекен ортасын сақтау мәселесіне деген халықтың назарын аударуға тырысады.
Сайыстың шарты табиғи тіршілік ортасындағы кәдімгі бұлбұл немесе оңтүстік бұлбұлды бейнелеу еді. Байқауға 6–17 жас аралығындағы оқушылар мен мектептен тыс ұйымдардағы тәрбиеленушілер қатысты. Қазылар алқасына әралуан арт-стильде және техникада орындалған 120 жұмыс ұсынылды.
Жұмыстар төрт бөлек жастық топта бағаланды: 6-8 жас, 9-11 жас, 12-14 және 15-17 жас. Қатысушыларды марапаттап, қорытындылау жасамас бұрын, «Экокрай» клубының мүшелері “Бұлбұл — көзге көрінбейтін әнші құс” атты таныстырылымын ұсынды, олар Қазақстанда мекендейтін бұлбұлдар сырт әлпетін, олардың тіршіліктану ерекшеліктерін әңгімеледі.
Төрешілер әрбір жас категориясынан жеңімпаздарды белгіледі:
— 6-8 жас — Самзаева Жасмин, қауымдастырылған мектеп ЮНЕСКО «БЭСТ»;
— 9-11 жас — Жаппар Эрика, №83 гим.;
— 12-14 жас — Күмісбек Азиза, №83 гим.; Феденкова Рината, №5 Оқушылар үйі;
— 15-17 жас — Ващенкова Екатерина, №5 Оқушылар үйі; Хегай Валерия, №50 Жалпы білім беру мектебі.
Сәндік-қолданбалы өнер жеңімпаздары:
— Ыбрай Арай, №6 Оқушылар үйі;
— Жаппар Эрика, №6 Оқушылар үйі;
— Әбдікерим Гүлім, №5 Оқушылар үйі;
— Шамсутдинова Даяна, №5 Оқушылар үйі.
Іс-шараны «Экокрай» клубы АСБК-мен біріге ұйымдастырды. Әрбір қатысушыға диплом табысталып, жеңімпаздар АСБК-дан жүлдеге ие болды.
Сурет: Елена Ударцева
Поделиться с друзьями