23 February 2023
Қаңтар айында суда жүзуші және су маңайы құстарының Халықаралық қысқы санағы (IWC - International Waterbird Census) өтті, оған қалаған адамға өз еркімен қатысу мүмкін болды. Қатпайтын су қоймаларды мекендейтін қыстаушы құстардың біржолғы санағы жылда жүргізіледі. Алынған деректер Wetlands international ұйымына құс саны және оның өзгерісі серпінін бағалауға жіберіледі.
Қазақстанда санақты үйлестіруші, АСБК-ның ғылыми қызметкері Артем Хроковтың мәліметі бойынша құстың 21 түрінің 8 527 дарасы саналды. Су құстарынан бөлек 1293 дара басқа түрлері де санаққа алынды.
Қазақстан бойынша көптеп кезіккені барылдауық үйрек, сыбырлақ аққу, қасқалдақ пен сусылдақтар болды. Сонымен қоса бердвотчерлер Қызыл кітапқа енген құстар өкілі сұңқылдақ аққу мен қоқиқазды да белгіледі.
Санақ еліміздің тоғыз су қоймасында жүргізілді, оның ішінде үш негізгі орнитологиялық аумақ (IBA) — Сарыбұлақ көлдер жүйесі, Алматы облысындағы Іле өзені арнасы және Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлі бар.
Іс-шараға еліміздің үш аймағынан 39 қатысушы белсене кірісті, арасында АСБК экоклубтары: Алматы қаласы №5 оқушылар үйінің жас натуралистер бекеті “Экокрай” клубы, Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі “Эколидер” клубы және Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті құрған клубы болды.
Биылғы санақ қатысушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Поделиться с друзьями