28 February 2023
Былтыр көктемде АСБК мамандары 18 тарғақты жерсеріктік таратқышпен таңбалаған болатын, оның 17 қыркүйекте қоныс аударуды бастады.
Төртеуі афро-еуразиялық ұшу жолын таңдаса, қалған 13 орталық-азия жолымен қозғалды (Карта 1).
Карта 1
Таратқыштардан алынған ақпаратқа сүйенсек, белгіленген 13 тарғақ қыстау жеріне жетті.
АФРО-ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰШУ ЖОЛЫ
Үш жас тарғақ әрбірі өз бағытымен осы жолды ұстанды: екеуі қыстауға Сауд Арабия еліне, ал біреуі Суданға тоқтады. Төртіншісі аңшылармен сол желтоқсанның соңында-ақ ұсталса керек, себебі таратқыштан байланыс сол күні кешке және келесі күні таңертең Tubarjal елді мекеніндегі үйден келіп тұрды (Карта 2).
Карта 2
ОРТАЛЫҚ-АЗИЯ ҰШУ ЖОЛЫ
Бұл жолмен бағыт алған тарғақтар да қыстау жеріне түрлі бағдар көрсетті. Атап өтетіндей, жолдағы он тарғақтың жартысы Иран елінде қыстады. Бұған дейін тарғақтардың Иран елі аумағын қыстауға қолданатыны жайлы деректер түспеген. Сондықтан бұны жоба мамандары қыстың ең маңызды мәліметі деп атады. Ирандағы АСБК қызметтестеріне таңбаланған құстардың бірін бақылау мүмкіндігі туып, оның басқа да 40 дара өз тұқымдастарының ортасында екенін айтты (Фото 1 и 2).
Фото 1
Фото 2
Қалған үшеуі Пакистанда, біреуі Үнді елінде қыстауда (Фото 3 и 4) және тағы бірі Иран және Қатар елдерінде сәл уақыт болып, қыстаудың соңғы бекетін Сауд Арабияның оңтүстігіне жасады.
Фото 3
Фото 4
Жақында құстар отанына — Орталық Қазақстанға оралу саяхатын бастайды, яғни көктемнің екінші жартысында қарсы алатын боламыз.
АСБК «Тарғақ» жобасымен 2004 жылдан бері айналысып келеді. 2018 жылдан бастап «Тенгизшевройл» ЖШС жобаға қолдау көрсетуде.
Поделиться с друзьями