15 May 2023
АСБК жаңа жұмыс орындары ашылғанын хабарлайды: қоғаммен байланыс жүргізуші маманы, жоба маманы және қызметкерлермен жұмыс жүргізуші маман.
1. Қоғаммен байланыс жүргізуші маман
Жұмыс орны: Астана
Жалақы: 380 мың теңге (қолға алары) кейін өсу мүмкіндігімен
Бұл орынды табиғатты қорғаумен айналысатын, оған қызығатын, биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбына жазуды тез үйренетін, ақпаратқа ұқыпты және сауатты, қызметтес және серіктестермен тиімді әрекет ететін, диджитал маркетингтен хабары бар ізденушілер лайық деп табады.
Қоғаммен байланыс жүргізуші маманның міндеттері:
түрлі байланыс арналарына ұйымның жұмысы жайлы, Қазақстан және әлем бойынша биоалуантүрлілікті сақтау саласында маңызды жаңалықтармен контент жасау;
әріптестермен өзара байланыс орнату және ақпаратпен тиімді алмасуға әрекет ету;
АСБК серіктестерімен (корпоративтік сектор, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар) екі жақтың мүддесіне сәйкес сыртқы байланыс құру: бірлесіп жұмыс жоспарын әзірлеу, үнемі жұмыс тобы құрамында болу, баспасөзге хабар, жаңалықты біріге дайындау, ақпарат алмасу және т. б.;
ұлттық және халықаралық БАҚ өкілдерімен, тәуелсіз журналистермен, түсірілім топтарымен ынтымақтастықты реттеу, әлеуетті жаңа ортақ жұмыс тудыратын қатерді бағалау;
қауымға арнап науқан, баспасөз мәслихатын құру және АСБК іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу және жариялау;
АСБК брендін қолдау және дамыту, маңыздылық деңгейін белгілей отырып, стратегиялық мақсаттар мен жобаны құруға ат салысу;
сайт жұмысын үзбей қолдау, оған өзгерістер енгізу, сайтқа және әлеужеліге түскен өтініштерге кері байланыс беру.
Осы жұмысқа қызығушылық танытсаңыз және 5 жылдан аса тәжірибеңіз болса, түйіндемені білім мен жинаған тәжірибеңізді нақтылап, мына талаптарға сәйкес толтырыңыз:
Талаптар:
ұжымдардағы тәжірибе, қызметтестермен өзара қатынас;
түрлі ұйымдармен қатынасу тәжірибесі (қоғамдық, корпоративтік сектор, бизнес);
клиенттік базада жұмыс істеу машығы;
БАҚ-мен жұмыс;
ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлеу, стратегиялық мақсаттарды анықтау, коммуникациялық стратегия дайындау тәжірибесі;
тіл білімі: орыс тілі — редактор деңгейінде жазу шеберлігі; ағылшын тілі — intermediate және одан жоғары дәрежеде білу; қазақ тілінде ауызекі сөйлеу, егер сауатты жаза білсеңіз, ерекше қошталады;
басты сандық (digital) PR және маркетинг құралдарын білу, SMM, сайт жұмысын сүйемелдеу, сайт құру тәжірибесі.
Түйіндемеге осы жұмысқа ынтаңыз бен машығыңызды көрсететін ілеспе хат пен өз жұмыс портфолиоңызды (әзірлеген ақпараттық ресурстар, мәтіндер, мақалаларға және т.б. сілтемелерді) қоса жіберіңіз.
Конкурс шарттары:
Түйіндемемен ілеспе хат және портфолиоңызды, тақырыбын «PR маманы» деп түртіп hr@acbk.kz поштасына жіберіңіз. Бұл вакантты орын ең келісті маманды тапқанға дейін ашық мерзімді болады. Өтінімді барлық шартқа сәйкес рәсімдеген (түйіндеме, ілеспе хат, портфолио және хат тақырыбын дұрыс атау) үміткерлер кері байланыс алатын болады және тиісінше сұхбатқа шақырылады.
АСБК-ға қызмет етудің басты артықшылығы:
табиғат пен адамға пайда тигізе отырып кәсіби әлеуетті іске асыру;
Қазақстан ішінде және шетелге іссапарлар;
біліктілікті дамыту мүмкіндіктері.
Жұмыс шарттарына қатысты сұрақтарды хатта немесе алғашқы сұхбат кезінде қоя аласыз.
2. Проект маманы
Жұмыс орны: Астана
Жалақы: 285 мың теңге (қолға алары)
Бұл маман жобаның қазақстандық құрамын жүргізеді. Ол жабайы жануарларды заңсыз саудалауға қатысты мәліметтерді жинау және талдаудан тұрады. "Үлкен мысықты саудалауға қарсы әрекетке халықаралық әлеует және трансұлттық желілерді құру" жобасы бүкіл әлем бойынша ірі мысықтардың жеті түрін заңсыз саудалаумен күресуге бағытталған. Осы жоба 2019 жылдан бері Орта Азияда Қырғызстан мен Қазақстанда барыстың заңсыз сауда айналымына қарсы және оған азық болатын түрлерге қатысты браконьерлікпен күресті ұлғайтуға ат салысты. Қазақстандағы агенттіктердің әлеуетін одан әрі арттыру үшін, АСБК және Panthera Қазақстандағы заңсыз сауда туралы деректерді жинау және талдауда маманға бірлесіп көмек көрсететін болады. Алынған түйін жергілікті агенттіктердің браконьерлікпен және заңсыз саудамен күресін күшейтуге беттеледі.
Міндеттер:
соңғы 5-7 жыл аралығында Қазақстанда жабайы жануарды заңсыз саудалау жайлы ақпарат жинау және талдау;
АСБК тапсырысы бойынша есеп және Panthera-ға тұрақты түрде негізгі статистикалық есеп дайындау;
дерек жинау мақсатында Қазақстан ішінде іссапар ұйымдастыру және сапарға шығу (қажетінше);
ақпарат жинақтауда мемлекеттік органдармен жүйелі қарым-қатынас құру (ресми хат, сұрау дайындау, кездесу ұйымдастыру);
Қырғызстанға оқу және серіктес ұйымдармен кездесу мақсатындағы іссапарға қатысу (қажеттілігіне қарай);
түпкі мақсатқа жетуде жобаны толықтай үйлестіру: жоспар құру және мерзімін бақылау, қажетінше сыртқы сарапшыларды жалдау, бюджеттің тиімді жұмсалуын бақылау;
жоба серіктестерімен байланысты қамтамасыз ету және үзбеу;
кездесу, семинар, дөңгелек үстел және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
жоба жұмысын жариялауға PR маманына ақпарат, аналитикалық анықтама және таныстырылым әзірлеп беру.
Талаптар:
белгіленген бағыттарда білім және тәжірибе;
табиғатты қорғау саласында және жоба басқаруда үш жылдан жоғары тәжірибе;
жоба құжаттарын, іскерлік қатынас хат, сұрау дайындау, есеп әзірлеуді сауатты және жинақы жүргізе білу;
тіл білімі: қазақ тілі — емін-еркін, орыс тілінде сауатты жазу және сөйлесу, ағылшын тілі — intermediate деңгейінде білу;
іссапарларға дайын болу.
Жұмыс шарты:
келісімшарт мерзімі: мамыр 2023 – тамыз 2024;
ҚР ЕК сәйкес рәсімдеу;
Қазақстан ішінде іссапарлар.
Түйіндемені ілеспе хатпен бірге "маман, Астана" деп түртіп, 2023 жылдың 20 мамыр күніне дейін hr@acbk.kz поштасына жіберіңіз. Хатта АСБК жобасындағы жұмыс несімен қызықтырғанын жаза кетуіңізді сұраймыз.
3. Қызметкерлермен жұмыс жүргізуші маман
Жұмыс орны: Астана
Жалақы: 380 мың теңге (қолға алары) кейін өсу мүмкіндігімен
Бұл жұмыс орнына кадрлық құжаттамаларды рәсімдеумен айналысқан, еңбекақыны төлеу жүйесін құрған, ұжым ішінде ара қатынасты тиімді орнататын айтарлықтай тәжірибесі бар, қызметкерлердің біліктілігін дамыту тәсілдерін жете қолданатын жетік маманды күтеміз.
Қызметкерлермен жұмыс жүргізуші маман міндеттері:
ұйымда міндетті кадрлық құжаттаманы жүргізу (53 қызметкер);
басшылықпен бірлесіп ұжымды басқару саясатын әзірлеу;
жаңа жұмысшы іздеу, жалдау және оның жұмысқа бейімделуін қадағалау;
қоғаммен байланыс жүргізуші маманмен бірлесіп ұжымда өзара қатынасты жақсарту, корпоративтік мәдениетті дамыту және үзбеуге әрекет құралын құру және ендіру;
еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру және жетектеу;
басшылықпен біріге қызметкерді бағалау жүйесін ұйымдастыру;
қызметкерлердің біліктілігін дамыту тәсілдерін әзірлеу және енгізу;
еңбекті қорғау және қызметкерлер қауіпсіздігі саясатының орындалуына ықпал ету.
Осы жұмысқа қызығушылық танытсаңыз және 5 жылдан аса тәжірибеңіз болса, түйіндемені білім мен жинаған тәжірибеңізді нақтылап, мына талаптарға сәйкес толтырыңыз:
Талаптар:
жұмысшы саны 20 және одан көп ұжымдардағы тәжірибеңіз;
түрлі ұйымдармен қатынасу тәжірибесі (қоғамдық, корпоративтік сектор, бизнес)
бірнеше еңбекақы жүйесін құру немесе онымен жұмыс істеу тәжірибесі;
қызметкерлерді басқару саясатын әзірлеу дағдысы;
ұжымда өзара қатынас құрудың сәтті жолдары;
қызметкерлердің біліктілігін арттыруда түрлі амалдар қолдана білу;
тіл білімі: қаза тілі – ауызекі сөйлесу, орыс тілі – ауызша және жазбаша сауатты болу, ағылшын тілін білу пайдалы болады.
Түйіндемеге осы жұмысқа ынтаңыз бен машығыңызды көрсететін ілеспе хат пен соңғы жұмыс орындарынан мінездеме қоса жіберіңіз.
Конкурс талаптары:
Түйіндеме, ілеспе хат және мінездемені «HR маманы» деп түртіп hr@acbk.kz поштасына 1 маусымға дейін жіберіңіз. Өтінімді барлық шартқа сәйкес рәсімдеген (түйіндеме, ілеспе хат, мінездеме және хат тақырыбын «HR маманы» деп атау) үміткерлер кері байланыс алатын болады және тиісінше сұхбатқа шақырылады.
АСБК-ға қызмет етудің басты артықшылығы:
табиғат пен адамға пайда тигізе отырып кәсіби әлеуетті іске асыру;
Қазақстан ішінде және шетелге іссапарлар;
АСБК-ның халықаралық серіктестерімен тәжірибе алмасу арқылы өсу және біліктілікті арттыру курстарына қатысу мүмкіндіктері.
Жұмыс шарттарына қатысты сұрақтарды хатта немесе алғашқы сұхбат кезінде қоя аласыз.
Поделиться с друзьями