31 July 2023
Бүгін дүниежүзілік рейнджер (қорықшы/инспектор) күні, және біз АСБК тарапынан табиғатты қорғау органдарына тигізген үлесі жайында айтамыз. Еліміздің кең аумақ көлемін, заң бұзушылардың жинақылығы мен епті дайындығын ескере келе, сапалы күзет браконьерлермен күресте ең озық тәсілдерді қолданатын, жаттықтырылған жетік қызметкерлерді талап етеді. Мемлекеттік органдарға жәрдемдесу мақсатымен жануарлар дүниесін қорғауға жауапты әріптестердің дайындығын жетілдіруге, біз қолданыстағы біліктілікті арттыру бағдарламаларын талдап, рейнджерлер жұмысының халықаралық тәжірибесіне шолу жасадық. Бұл ретте Экология және табиғи ресурстар министрлігі басшылығының қатысуымен Танзания еліне ұйымдастырылған сапар табиғатты қорғау әрекетінде тәжірибе алмасуды көздеді (толығырақ мына мақалада).
Аталған жұмыстың нәтижесі — дәрістер және практикалық сабақтарға арналған әдістемелік материал жинағы. Оқыту материалын ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы және ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының жоғарғы дәрежелі сарапшылары әзірлеп шығарды.
Сынау курсы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы базасында маусым айында өтті. Онда ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық аумақтық инспекциялары, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-нан 15 инспектор оқытылды.
Инспекторлар өз білімін біршама бағытта жетілдірді: табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу жолы, рейдті тиімді жоспарлау, ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды қолдану, браконьер секілділер кезіккенде ұстанатын тәртіп, алғаш көмек көрсету, тұтқынға алуда және экологиялық сот сараптамасын белгілеуде әрекет реті мен ерекшеліктері, CITES конвенциясының басты ережелеріне шолу және б. Курстың соңғы күні алған білімді далалық жағдайда тұтыну, яғни тәжірибелік симуляциялық сабаққа ұласты.
АСБК бұл жұмысты Франкфурт зоологиялық қоғамымен серіктестікте “Алтын Дала” табиғатты қорғау бастамасы аясында іске асырды. Алдағы уақытта инспекторлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы курсқа қатысқандардың пікірлерін ескере отырып өңделеді де, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің табиғатты қорғау құрылымдарына тұрақты пайдалануға ұсынылады.
Поделиться с друзьями