12 March 2021
Бағыттың басты мақсаты - дала, шөл және жартылай шөл дала экожүйелерінің маңыздылығын қоғамның барлық деңгейінде түсіндіру
Міндет 1. Халықаралық келісімсөздер киікті қорғау ісіне белсенді үлес қосады
- CBD, CITES, CMS және Рамсарской конвенциисы бойынша Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсету
- Киікті сақтау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану бойынша өзара түсінушілік туралы Меморандумды (CMS) үйлестіру
- Сүтқоректілерді сақтау бойынша Орта Азиялық бастаманы қолдау
Міндет 2. Ұлттық білім беру бағдарламасы дала, шөл және жартылай шөл дала туралы ақпаратты қамтиды
- Қолданыстағы мектеп бағдарламаларын саралау (завершено)
- Оқу құралдарында аталмыш тақырыптарды дұрыс көрсету үшің ұсыныстар дайындау
Мігдет 3. Халық ағарту қызметі
- Бастаманың жобалық территориясына енетін елді мекендерде халық ағарту жұмыстарын жүргізу - жергілікті тұрғындар өздерінің айналасындағы табиғатқа төнетін қауіп-қатерлер туралы хабардар болып, оны сақтау маңыздылығы жөнінде білуі тиіс. Ауылды мекендерде ҚБСА мобильді тобы жергілікті халықпен кездесулер өткізіп, киіктерді сақтауға үгіттейді.
- Аса маңызды болып таңдалған елді мекендерде тұратын балалар киіктер туралы терең білім алуы тиіс. Сондықтан осы аймақтарда 10 "Ақбөкен достары" атты арнайы клубтар құрылып, қызмет етеді.
- Киіктің мүйіздерін заңсыз сату мәселесі жөнінде халық ақпараттандыру қызметі жүргізіледі. Ақпараттық кампания Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылады.
Поделиться с друзьями
выберите одну из предложенных социальных сетей чтобы рассказать о новости друзьям