Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

"Алты Сай" эко-саябағында қысқы санағы өтті

16 June 2020

Ақпан айында "Алты Сай" эко-саябағының қызметкерлері жоспар бойынша жануарлардың қысқы санағын жүргізді. Ол екі əдіс бойынша жасалады: қысқы маршруттық санақ жəне дронмен санау.

Зормандарды зерттеу мақсатында (еркек зорман індерінен ақпан айында шыға бастайды) олардың індерінің айналасында фото-тұзақтар қойылды. Нәтижесінде зорманның тəуліктік белсенділігі анықталды. 

Зертеу жұмыстарының барысында эко-саябақтың аумағынан бұрын байқалмаған құстардың үш түрі анықталды: боз суықторғай, қара сайрақ жəне аққабан сайрақ. 

"Алты Сай" екі аңшылық шаруашылықтарының негізінде құрылған Қазақстандағы алғашқы эко-саябақ болып табылады. Саябақта аңшылыққа тыйым салынған.

Экосаябақта атқарылатын жануарлардың монтиторингі және оларды қоғау қызметтері "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасының шеңберінде ҚР ЭГТРМ және шетелдік серіктестердің қолдауымен  іске асырылады.

 

Поделиться с друзьями