18 August 2020
Қостанай-Ақмола облыстарында «Орталық-Батыс» жобасы бойынша жоспарланған автожолдың бір бөлігі ақбөкендердің қоныс аудару жолдарын кесіп өтеді. Сонымен қатар, жолдың осы бөлігі бірнеше ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жақын өтеді. Бұл факторлар бетпақдала популяциясының ақбөкендерінің Негізгі және Теңіз топтарына қауіп төндіреді.
2016 жылдан бастап ҚБСА ақбөкендердің санын азаю қаупін ескере отырып, жол бағытын өзгерту туралы ұсыныспен бірнеше рет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне жүгінді. Бірақ осы ескертулер ескерілмеген болған. Автомобиль жолдары комитеті ақбөкендер жолды кесіп өту жағдайларын жақсартуға келісті, бірақ бұл мәселені шешпейді.
Ұсынылған шешімдерде ақбөкендердің қоныс аудару ерекшеліктері мен олардың табиғаттағы қылықтары ескерілмейді. Жабайы тұяқты жануарлар үшін жиі қолданылатын экодуктарды ақбөкендер пайдаланбайды, өйткені оларда қатаң қоныс аудару белгілері жоқ, ал ақбөкендердің өздері жыл сайын кең фронтпен қозғала алатындай жаңа қоныс аудару жолдарын жасайды. Ақбөкендердің қоныс аудару маршрутын таңдау маршруттардың физикалық қол жетімділігіне ғана емес, сонымен қатар бұзушылық факторының болмауына да байланысты.
Ақбөкендердің ғаламдық популяциясының 90% -дан астамы Қазақстанда өмір сүреді, алайда олардың саны соңғы жылдары адам қызметінің әсерінен азайып келеді.
Ақбөкендермен жұмыс жасаудың көпжылдық тәжірибесі бар ҚБСА Орталық Қазақстандағы ақбөкендер тіршілік ету үшін қалыпты жағдайды сақтау үшін қазіргі таңдалған маршрутты қауіпсіз альтернативамен алмастыру қажет дейді.
ҚБСА осы бағытта жұмысын жалғастыруда және бұл туралы жаңалықтарды өзінің ақпараттық ресурстарында бөлісетін болады.
#savesaigaways
#ақбөкендер