18 August 2020
Жоспарланған Орталық-Батыс автожолы қазіргі бекітілген маршрутпен Орталық Қазақстанда ақбөкендердің қоныс аударатын жолдарын кесіп өтеді. Бұл сөзсіз жануарларға үлкен қауіп төндіреді.
Қазақстан инфрақұрылымның ақбөкендерге деген нашар əсерін бастан кешірді. 2015 жылы Шалқар-Бейнеу учаскесінде салынған тас жолы Үстірт популяциясының ақбөкендерінің қоныс аудару жолдары арқылы өтті. 2017-2019 жылдары алынған спутниктік ақпараттарға сәйкес, ақбөкендер теміржол арқылы оңтүстікке көшуді тоқтатты. Жануарлар ареалының едәуір бөлігін жоғалтты. Бес жыл өтті, бірақ ақбөкендер қоныс аудару маршрутын қайтадан орнатқан жоқ. Үстірт популяциясы ешқашан 1980 жылдар деңгейіне жетпейді.
2017 жылға дейін әлемде ешкімде 1960-1980 жылдарда жасалған жеке бақылаулардан басқа инфрақұрылым объектілерінің ақбөкендерге қандай әсер ететіндігі туралы нақты деректер болған жоқ. Спутниктік телеметрия арқасында алынған ақпартқа сәйкес, ақбөкендер тас жолдарда үлкен кептеліс бар болғандықтан әдетте мекендейтін жерлерге көшуді тоқтатады. Ареалдың азаюы қоныс аударатын түрлердің санына әсер етеді. Қалай болса да, жануарлар ешқашан жаңа жолдар болмаған кездегі санына жете алмайды.
Дүниежүзілік банк үшін жобаның алдын-ала негіздемесі ақбөкендер үшін өте маңызды аудандарды солтүстігінен айналып өтетін балама маршруттарды көрсетті. Соған қарамастан, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ақбөкендер үшін ең қырғын опцияны таңдады.
Ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, ҚБСА Орталық-Батыс жолының бағытын өзгертуді ұсынады.
Поделиться с друзьями