25 January 2023
АСБК ұйым болып құрылған кезден бастап студенттермен жұмыс жасап келеді. Бірінші кезекте университеттермен Қазақстанның табиғатты қорғау саласында болашақ мамандарды дайындап шығаруына қолғабыс болуға аса көңіл бөлінеді. Біздің ұйымда жастар далалық жұмыстарға қатысып, онда зоологиялық зерттеулерді жүргізудің басты әдістерін үйрену арқылы тәжірибеден өтеді. Олар мамандардың басшылығымен деректерді жинап және талдап, соған сүйене отырып дипломдық жұмыстарын жазады. Қазіргі таңда АСБК-да студенттік шағынан табиғатты қорғау ісіне қызығушылық танытып, жобаларға өз еркімен қатысып, осылайша қызметін бастаған жеті маман бар.
Осы орайда 2022 жылы «Шеврон» компаниясы қолдау көрсетіп, АСБК «Students for Nature» деп аталатын жаңа жобаны қолға алды. Онда нәтижелік көрсеткен әдістер қолданылатын болады. Жобаның бірінші кезеңінде студенттер мен оқытушыларға табиғатты қорғау тақырыбында дәрістер жүргізіледі. 2022 жылдың аяғында үш қазақстандық жоо-да бес дәріс өткізілді. Олар Қазақстандағы құстардың жеке түрлері және оларды сақтау мәселелеріне арналды. Мысалы, дала қыраны және оның электр жеткізу желілеріне түсіп мерт болуы. Тарғақ және оған ауыл шаруашылығы ыңғайларының өзгеруі салдарынан тиер теріс әсері. Қалалық фаунаның нағыз өкілі дала торғайы және оны ұялау мен қоректенуге қажетті жерлерден кенттенудегі заманауи тәсілдердің айыруы. Бұл дәрістер студенттердің кең ауқымын биоалуанүрлілікті сақтаудың тәжірибелік сауалдарына тоқталуға және студенттермен жақын танысып, олардың жоба аясындағы іс-шараларға қосылуына мүмкіндік береді.
Алда дәрістер легін жалғастыру және аса қызығушылық танытқан студенттерді зерттеуді жүргізу жолдары жайлы теориялық тренингтерге шақыру жоспарлануда. Зоология бағытында дамығысы келетіндердің басты машығы – жануар түрін дұрыс анықтай білу, осыған қатысты студенттерге бақылау және түрлерді анықтау әдістерін үйрететін арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады.
Осы жылы аталған жоба ауқымында іс-шаралар Алматы, Астана, Орал және Атырау қалаларының жеті жоо-да өтетін болады. АСБК университеттер және «Шеврон» басшылығына ынтымақтастығы мен демеуі үшін алғысын білдіре отырып, осы мақаланы Халықаралық білім күніне арнайды.
Поделиться с друзьями