Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

"Зерна тепла" - құстарды қыста қоректендіру науқаны

 

Қыстың келуімен ҚБСА «Зерна тепла» атты ақпаратық кампаниясын бастайды

Суық күндердің алғашқы лебі сезіліп, аязды күндердің күні алыс емес екенін байқатады. Жыл құстары бізбен қоштасып, жылу іздеп, жылы өңірлерге ұшып кетті. Алайда жанымызға серік болып ең төзімді қыстау құстары қалып қыстың қаһарына бізбен бірге қарсы тұрмақшы. Ендігі қыстың көркі – осы қыстау құстары.

Ендеше, қысқы қоректендіру науқанын бастап, біздің қанатты көршілерімізге қамқорлық көрсететін уақыт жетті.

Науқан 1 желтоқсанда басталып, 15 наурызға дейін созылады 

>>>ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗБЕН ҚҰСТАРҒА АРНАЛҒАН АСТАУ ЖАСАҢЫЗ (орыс тілінде)

>>> АСТАУҒА ҰШЫП КЕЛЕТІН ҚҰСТАР (орыс тілінде)

 

Қатысу шарттары:

1 шаг – Қолдағы бар заттардан құс астауын даярлаңыз. Астау жасау жолдары. Астауды сатып алу

2 шаг -  Өзіңіздің астауыңызды құстарға ыңғайлы орынға орнатыңыз. Уақытымен астауыңызды әртүрлі жем-қорекпен толтырып отыруды ұмытпаңыз. Астауыңызды арнайы картада  белгілеңіз. 

3 шаг- Әлеуметтік желідегі жеке аккаунтыңыз арқылы өзіңіздің құстарды қоректендіруге қатысты жеке тәжірибеңізді әлеммен бөлісіңіз. Науқанның хэштегін белгілеуді ұмытпаңыз: #кормимптицсАСБК, #зёрнатепла. Осылайша Сіз біздің бастамамызды таратуға көмектесесіз! фейсбукевконтакте және инстаграм 

4 шаг- Өз астауыңыздың және қоректенуге келген қонақтарыңыздың фотосуреттерін науқанның ресми парақшасында жариялап отырыңыз. Сонымен қатар, фотоңызды mukhit.suttibayev@acbk.kz поштасына да жіберуіңізге болады. Жіберген материалыңыз ресми парақшада жарияланатын болады. Әр апта сайын біз үздік құс астауын және астауыңыздың үздік қонағын таңдайтын боламыз. Сіздің фотоңыз үздік болып танылуы мүмкін!


Құстарды қоректендіруде сәттілік тілейміз!