Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

«Қоқиқазды іздеу жолында»

Бұл турда біз астанадан 130 шақырым қашықтықта орналасқан Қорғалжын қорығына аттанамыз. Ол білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) бүкіләлемдік табиғи мұрасы тізіміндегі маңызды орнитологиялық аумақ болып саналады және Рамсар халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тізіміне енгізілген.

Тап осы жерде қызғылт қоқиқаздың әлем бойынша ең теріскей ұя салатын орны бар. Қоқиқаз және басқа да құстарды мамыр айының басынан-ақ көруге болады.

Қорғалжын қорығының табиғат және жануарлар әлемін сүйгіш жандарға ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Бір сапар ішінде құстардың 40-тан астам түрлерін, сонымен қатар, ақбас тырна, тарғақ, бірқазандарды, жөні келсе, аң аулау кезіндегі дала қыраны мен құладынды көруге болады! Сондай-ақ жол-жөнекей, сарышұнақ пен суырлар отарын жиі кездестіруге болады.

 

Өткізу мерзімі: мамыр, маусым, тамыз, қыркүйек айлары

    

Турдың бағдарламасы:

7:00 – 9:00 – Нұр-Сұлтан – Қорғалжын жолы

09:00 – 10:00 – Табиғат мұражайына саяхат   

10:00 – 13:00 – Көлдерді аралау, құстар және басқа да жануарларды бақылау

13:00 – 14:30 – «Сұлтан Келді» көлі бойында түскі ас (пикник түрінде)

14:30 – 17:00 – Көлдерді аралау, құстар және басқа да жануарларды бақылау

17:00 – 18:00 – Қонақтарға арналған жергілікті үйден дәстүрлі шәй ішу

18:00 – 20:00 – Қалаға оралу

 

 

 

Тур жайлы ақпарат:

Турдың ұзақтығы: 07.00 ден 19.00 дейін

Топтар көлемі: 10-14 адам

Бағдар өлшемі: 340-380 шақырым

Қажетті саймандар: Жайлы жорық киімі, аяқ киім, бас киім, күннен қорғайтын көзілдірік, жауын өткізбейтін шекпен (қажеттілігіне қарай), жәндіктерден, кенеден қорғайтын жабдықтар, күннен қорғайтын тотық.

Турдың ақысы: бір қатысушыға 16000 теңге

14 жасқа толмаған балалар үшін 12000 теңге

4 жасқа дейінгі бүлдіршіндер ақысыз қатыса алады, тек автобустан жеке орын алмай, ата-анасының қолында болса.

Тур ақысы келесі шығынды өтейді:

·      көлік – жабдықталған Мерседес спринтер

·      гид жетекшілеуі

·      бақылауға арналған оптикалық жабдықтар – түтік, дүрбі

·      қорықтағы сапар орталығына саяхат

·      түскі ас

·      қорық аумағына кіру

·      тур кезінде су ішу және жеңіл-желпі тамақтану

Назар аударыңыз! Жолға шығу тек қатысушылар санының ең кем дегендегі бөлігі жиналғанда ғана жүзеге асырылады.

Байланыс: +7 776 921 43 43 немесе +7 (7172)- 91-00-44.

 

Экологиялық турлардың жәй табиғат аясына шығудан ерекшелігі неде?

Бізбен саяхатқа шыққанда, сіз табиғат сұлулығын тамашалап қана қоймай, қоршаған ландшафттар және онда мекендейтін жануарлар тұрмысы жайлы қызықты деректер білетін боласыз. АСБК турларында туристер табиғат ортасында өзінен кейін барынша “таза” із қалдырып, оны болашақ ұрпаққа сақтау мақсатында барынша оң әсерін тигізеді. Біздің экотурлардан келіп түскен бүкіл қаражат табиғатты қорғау іс-шараларын қолдауға жұмсалады.

Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджер Сізбен байланысқа шығады

  • «Қоқиқазды іздеу жолында»

    Бұл турда біз астанадан 130 шақырым қашықтықта орналасқан Қорғалжын қорығына аттанамыз. Ол білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) бүкіләлемдік табиғи мұрасы тізіміндегі маңызды орнитологиялық аумақ болып саналады және Рамсар халықаралық маңызы бар сулы-б...


    Читать далее

  • Бабалар ізімен

    «Бабалар ізімен» туры бағдары астанадан солтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым қашықтықтағы «Ерейментау» таңғажайып тау сілемінің құзды шоқысы ортасында орналасқан “Бұйратау” ұлттық паркінің іргелес аумағы арқылы өтеді.

    Ақмола және Қарағанды облыстарының...


    Читать далее

  • ДИКИЕ ТЮЛЬПАНЫ

    123

    ...


    Читать далее

Нысанды толтырып, қажетті тур бойынша толық ақпаратты алыңыз