«Бабалар ізімен» туры бағдары астанадан солтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым қашықтықтағы «Ерейментау» таңғажайып тау сілемінің құзды шоқысы ортасында орналасқан “Бұйратау” ұлттық паркінің іргелес аумағы арқылы өтеді.
Ақмола және Қарағанды облыстарының түйісінде жатқан Бұйратау (орыс тіліне аударғанда “Кудрявые горы”) өзінің бірегей ландшафтымен әйгілі. Ол Ерейментау тау жотасы да, жасыл алқаптар да, әсем деген Ажбай және Бозайғыр ащы көлдері де. Бұл ақ қоянның, түзді суырдың, тоған жарқанатының, ақкістің, дала шақылдағының сүйсіне таңдаған жерлері. Жөні келсе, жыртқыш құстарды, олардың ішінде қызыл кітапқа енгізілген сирек түрлерін кезіктіруге болады. Паркте бар болғаны құстардың 160 түрі саналған.
Бұл аймақ өзінің табиғатымен ғана бай емес. Ерейментау таулары түрлі дәуірдегі археологиялық ескерткіштерге толы: тас дәуірі қорымдары қола дәуірі қабырлауларымен іргелес жатыр, ал сақ қорғандарынан түрік тас мүсіндеулеріне аралап жетуге де болады.
Өлкенің деректері, аңыз әңгімелері жайлы көп жылдар бойы Ерейментаудың тарихын зерттеп, сол біліммен бөлісіп жүрген өлкетанушы Наталья айтып береді.
Өткізу мерзімі: маусым, шілде, тамыз айлары
Турдың бағдарламасы: | |
|
9:00 – 11:00 – Тағайындалған жерге дейін баратын жол (Нұр-Сұлтан-Ерейментау) 11:00 – 14:00 – Археологиялық ескерткіштерді аралау 14:00 – 15:00 – Каньонға сапар, жаяу серуендеу және Жалшоқы тауына шығу 15:00 – 16:00 – Табиғат аясында пикник 16:00 – 18:00 – Қалаға оралу |
|
|
Тур жайлы ақпарат: |
|
|
Турдың ұзақтығы: 08.00 ден 18.00 дейін Топтар көлемі: 10-14 адам Бағдар өлшемі: 300 шақырым Қажетті саймандар: Жайлы жорық киімі, аяқ киім, бас киім, күннен қорғайтын көзілдірік, жауын өткізбейтін шекпен (қажеттілігіне қарай), жәндіктерден, кенеден қорғайтын жабдықтар, күннен қорғайтын тотық. Турдың ақысы: бір қатысушыға 16000 теңге 14 жасқа толмаған балалар үшін 12000 теңге 4 жасқа дейінгі бүлдіршіндер ақысыз қатыса алады, тек автобустан жеке орын алмай, ата-анасының қолында болса. |
Тур ақысы келесі шығынды өтейді: · көлік – жабдықталған мерседес спринтер · гид жетекшілеу · бақылауға арналған оптикалық жабдықтар – түтік, дүрбі · қорықтағы сапар орталығына саяхат · түскі ас · қорық аумағына кіру · тур кезінде су ішу және жеңіл-желпі тамақтану |
|
Назар аударыңыз! Жолға шығу тек қатысушылар санының ең кем дегендегі бөлігі жиналғанда ғана жүзеге асырылады. Байланыс: +7 776 921 43 43 немесе +7 (7172)- 91-00-44.
Экологиялық турлардың жәй табиғат аясына шығудан ерекшелігі неде? Бізбен саяхатқа шыққанда, сіз табиғат сұлулығын тамашалап қана қоймай, қоршаған ландшафттар және онда мекендейтін жануарлар тұрмысы жайлы қызықты деректер білетін боласыз. АСБК турларында туристер табиғат ортасында өзінен кейін барынша “таза” із қалдырып, оны болашақ ұрпаққа сақтау мақсатында барынша оң әсерін тигізеді. Біздің экотурлардан келіп түскен бүкіл қаражат табиғатты қорғау іс-шараларын қолдауға жұмсалады.
|