Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Алматыда "Қызылжемсаулы қарашақаздың ұшу жолы" атты көрме өтті

9 September 2019

Маусым айында Алматыда "Ғылым Ордасы" ШЖҚ-ның Табиғат мұражайында "Қызылжемсаулы қарашақаздың ұшу жолы" атты интерактивті жылжымалы көрме өтті.

Көрме осы сирек құстың көші-қон ерекшеліктерімен, биологиясы және экологиясымен таныстырды. Көрмеге 1000-ға жуық адам қатысты. 

Алдағы уақытта көрме Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағанды, Петропавл қалаларында өтеді. 

Іс-шара Еуропалық Комиссиясының "LIFE" табиғатты қорғау бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын "Қауіпсіз ұшу жолы" атты жобасының бір бөлігі болып табылады. Жоба қызылжемсаулы қарашақаз мекен ететін бес елде - Болгария, Румыния, Украина, Ресей және Қазақстанда жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандағы жобаның негізгі серіктесі ҚБСА болып табылады. 

Поделиться с друзьями