Қазақстан биоалуантүрлілікті
сақтау ассоциациясы (АСБК)

>
KZ

Қостанайда «адам кейіпіндегі киіктің» қатысуымен акция-перформанс өтті

27 September 2019

Қостанай қаласының 140-жылдығын атап өту мерекесінде ҚБСА ұйымдастырған акция-перфоманс киіктердің мүйіздерін жаппай сатумен аяқталды.

17 тамызда "Киік" арт-нысанының ашылуында, Қостанай қаласының алаңында «Киік мүйізін сатамын» деген жазумен шыққан браконьер «адам кейіпіндегі киікті» өлтірді.

Көрсетілімнің мақсаты – киіктердің мүйіздерін заңсыз сату мәселесін көтеру. Бұл шара жалғасуда: енді «адам кейіпіндегі киіктің» инстаграмда (https://www.instagram.com/i_am_saigak) өз парақшасы ашылған, сонда киіктердің өмірі мен проблемалары туралы айтылатын болады.

Шараны ҚБСА және "4D Click" интернет-агенттігі Impact Hub Almaty жобасы аясында ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда ҚБСА сирек кездесетін түрлер мен олардың дериваттарын сату не сатып алуды жарнамалау әрекеттерін заңсыз деп мойындауды ұсынады.

Поделиться с друзьями