21 July 2023
4-6 шілдеде Қырғызстан астанасында Орта Азия елдеріндегі жануар және өсімдіктер жабайы түрлерінің заңсыз айналымына қарсы күресетін ұйымдар өкілдері кездесті. Кездесу Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің осы саладағы ынтымақтастығын арттыру мақсатымен өтті. Іс-шараны Қырғыз Республикасының табиғи ресурс, экология және техникалық қадағалау министрлігі, TRAFFIC жабайы табиғат объектілерінің заңсыз айналымын бақылау желісі және Fauna & Flora халықаралық ұйымы ұйымдастырды. Оған АСБК, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының зоология институты және де «Экомактаб» қоғамдық ұйымы өз қолдауын көрсетті.
Жабайы жануар мен өсімдіктерді заңсыз саудалау Орталық Азия өңіріндегі биоалуантүрлілік және экологиялық тепе-теңдікке зиянын тигізеді. Бұл көлеңкелі бизнестен түскен пайдадан топтасқан браконьер жүйесі күшейген сайын, табиғатты қорғау және құқық қорғау құрылымдарының көтерер жүгі ауырлайды. Бішкекте болған семинарда жауапты мекеме қызметкерлері жиналып, тәжірибе алмасты, заңсыз кәсіпке қарсы әрекет етуде біршама әдістемені оқып үйренді.
Семинарға бірқатар мекеме өкілдері қатысты: экология, кеден және шекара қызметі, прокуратура, ғылыми ұйымдар, Еуропа одағы және АҚШ-тың ұлттық және халықаралық табиғатты қорғау қорлары, CITES хатшылығы, Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға қарасу бағдарламасы (BOMCA), АҚШ және Ұлыбритания елшілігі, Қырғыз Республикасындағы Еуропа одағы өкілдігі және Қытай кеден қызметі.
Кездесуде екі жобаның нәтижесі ұсынылды. АСБК олармен Fauna & Flora, TRAFFIC, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының зоология институты және де «Экомактаб» қоғамдық ұйымымен серіктестікте 2021 жылдың қазан айынан бері айналысып келеді. Екеуі де жабайы жануарларды заңсыз саудалаумен күреске және құқық қорғау органдары қызметкерлері әлеуетін нығайтуға беттелген. 2022-2023 жылдар аралығында атқарылған шаралар:
Қазіргі таңда деректер жинау тәжірибесіне есеп, ҚР заңнамасына талдау дайындалуда, және де СИТЕС Конвенциясы ережелерін қолдануға оқу модульдерін әзірлеу аяқталуда.
Жобалық іс-шаралар мен өткізілген семинар Ұлыбритания жабайы жануарлары және өсімдіктерін заңсыз саудалаумен күресу қоры, АҚШ Есірткі заттарының халықаралық айналымына қарсы күрес және құқық қорғау қызметі бюросының (INL) қаржылай қолдауымен іске асырылды.
Поделиться с друзьями